Крейг Беллами

From Wikipedia, the free encyclopedia

Крейг Беллами
Remove ads

Крейг Дуглас Беллами (ағылш. Craig Douglas Bellamy; 13 шілде 1979 жыл, Кардифф) — уэльстік футболшы, шабуылшы. Уэльс Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Карьерасы

Карьерасында шотландиялық "Селтиктен" басқа бірнеше ағылшындық клубтарда, атап айтқанда "Норвич Сити", "Ньюкасл", "Ливерпуль", "Блэкберн Роверс", "Вест Хэм" командаларында өнер көрсеткен. Бірақ Англия чемпионы болудың сәті түскен жоқ. Тек "Ливерпуль" сапында 2006 жылы Англия суперкубогын, 2012 жылы Англия Лига кубогын ғана ұтып алды.

2014 жылы 22 мамыр күні "Кардифф Ситиде" ойнап жүріп, карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

Remove ads

Ұлттық құрамада

Уэльстің түрлі жастағы құрама командасында ойнады. Негізгі құрамада 1998-2013 жылдары өнер көрсетті. Уэльс құрамасы сапында жалпы 78 ойын өткізіп, 19 голдың авторы атанды. 2012 жылы Ұлыбритания құрамасы сапында Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.

Райан Гиггз құрамадағы карьерасын аяқтаған соң, 2007-11 жылдары Уэльс құрамасының капитаны болды.

Құрамадағы статистикасы

More information Уэльс, Жылдар ...

Жетістіктері

Командалық

  • Шотландия кубогы: 2005
  • Англия суперкубогы: 2006
  • Англия лига кубогы: 2012

Жеке

  • Премьер-лигада сегіз түрлі команда сапында гол соқты.
  • Жылдың үздік жас ойыншысы (Англия чемпионаты) (1): 2001/02
  • Уэльстегі жыл футболшысы (1): 2007

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads